Бейсенбі, 26 маусым күні Қазақстан Респубикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Ведомство басшысының қабылдауына 8 адам жазылды.
Министрге өз сұрақтарын қоюға - Нұр-Сұлтан қаласының, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының тұрғындары келді.
Аталған азаматтар өз өтініштерінде медициналық–әлеуметтік сараптама, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың тұрғын үй мәселелері, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, зейнетақылар мен жәрдемақыларды есептеу тәртібі, мүгедектігі бар азаматтарды қамтамасыз ету мәселелері бойынша сұрақтар қойып, ұсыныстарын білдірді.
Министр қабылдауға келген азаматтардың барлық өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, тиісті департаменттерге қолданыстағы заңнама шеңберінде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелерді шешуде көмек көрсетуді тапсырды.