Серік Шәпкенов online-режимде халыққа есеп беру кездесуін өткізеді

Серік Шәпкенов online-режимде халыққа есеп беру кездесуін өткізеді

2021 жылдың 10 маусымында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновтің халыққа есеп беру кездесуі өтеді. Кездесу онлайн-режимде өтеді.

«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындарының ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» ҚР Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес Серік Жамбылұлы Шәпкенов азаматтарды елімізде іске асырылып жатқан реформалар, әлеуметтік-экономикалық даму, Министрліктің стратегиялық жоспарының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу және Министрліктің жетекшілік ететін салаларының дамуы жөніндегі міндеттер туралы хабардар етеді.

Есепті кездесудің тікелей трансляциясы Министрліктің сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда жүзеге асырылады.

Министрге сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды келесі байланыс арналарын пайдалана отырып жібере аласыз: (кіріспеде «Есеп беру кездесуі үшін» деп жазу керек)

- «Ашық диалог» порталындағы министрдің блогына https://dialog.egov.kz/blogs/32777/welcome;

- Электрондық үкімет порталы арқылы электрондық өтініштер беру арқылы;

- Министрліктің ресми интернет-ресурсындағы онлайн-қабылдаудың «сұрақ-жауап» бөлімінде («Министрдің есептік кездесуіне сұрақтар» санатын таңдаңыз) https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/virtual-reception/question?lang=ru;

- kense@enbek.gov.kz электрондық мекен-жайына жіберіңіз немесе «Министрліктер үйі» ғимаратының 6-подъезіне орнатылған пошта жәшігіне салыңыз.

Есеп беру кездесуіне қатысты сұрақтар мен ұсыныстар болған жағдайда мына телефондарға хабарласуларыңызды сұраймыз: 8(7172) 74-37-23, 8(7172) 74-30-05, 8(7172) 74-36-03.

Бұл ретте Сіздің назарыңызды «Есеп беру кездесуі үшін» деген белгі жасау қажеттігіне аударамыз. Министр келіп түскен сұрақтарға тікелей эфирде жауап беретін болады.