Дүйсенбі, 6 мамырда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кездесті.
Кездесу 2025 жылға дейін мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспар әзірлеу аясында, сондай-ақ көп балалы және аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау шеңберінде ерекше өзектілігі бар әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту аясында ұйымдастырылды.
Оған Ақтөбе облысы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Күлшат Масалимова, Алматы қаласының Менеджмент университетінің Әлеуметтік Кәсіпкерлік орталығының директоры (AlmaU) Нұржан Әлжанова, "GreenTAL" әлеуметтік шеберханасының жетекшісі (Нұр-Сұлтан қ.) Эмин Аскеров, сондай-ақ Ақтөбе облысының әлеуметтік-жауапты кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
Кездесуді ашқан ведомство басшысы Бердібек Сапарбаев азаматтардың әл-ауқат деңгейін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясындағы осындай кездесулердің өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті және Ақтөбе облысы кәсіпкерлерінің әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудағы елеулі үлесін атап өтті.
Кездесуге қатысушылар Ақтөбе облысындағы Халықаралық әлеуметтік кәсіпкерлік форумының нәтижелерімен бөлісті, оған 1200-ден астам қатысушылар мен 12-ден астам халықаралық сарапшылар қатысты; «Атамекен» ҰКП ұйымдастырған «Анам-кәсіпкер» жобасымен танысты, онда ауылдық әйелдер, көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары оқыды; олар Израиль мемлекетінің әлеуметтік кәсіпкерлік тәжірибесі туралы әңгімелеп берді, онда қол қойылған меморандумдар аясында халықаралық форумның қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының кәсіпкерлер тобы тәжірибеден өтті.
«Бүгін біз 2025 жылға дейін мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі Ұлттық жоспар әзірлеп отырмыз, мүгедектерді қолдау бойынша қосымша шаралар ұсынатын барлық ұсыныстар мен табысты жобалар бүкіл ел бойынша кейінгі масштабтау үшін жүйелендірілуге тиіс», - деді Сапарбаев.