С. Шәпкенов қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңістің 76 жылдығымен құттықтады

С. Шәпкенов қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңістің 76 жылдығымен құттықтады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығымен құттықтап, отандастарымызға ашық аспан, денсаулық және бақ-береке тіледі.

«Қазақстанда Отан қорғаушылар күнін Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында атап өту кездейсоқ емес. Отанымызды бұрын қорғаған, сондай-ақ осы жолда қазір қызмет атқарып жүрген, сондай-ақ болашақта борышын өтейтін азаматтарымызға құрмет пен алғысымызды білдіреміз.

Біздің Отанымыз қай уақытта да шекараны қорғап, өздерінің ерліктерімен, ар-намысы мен адалдығымен танылған батыл адамдарға кенде болмаған. Сондықтан әрқайсыңызға болашаққа деген сенімді көзқарас, батыл шешімдер мен әрекеттерге дайын болуды, қандай өмірлік жағдай болмасын, кеудені тік ұстауды, жақындарыңызбен араларыңызда тек сүйіспеншілік пен орнықтылық болсын деп тілеймін.

Тәуелсіз Қазақстан үшін айтулы жылы Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтағым келеді. Сіздерге зор денсаулық, амандық және бақыт тілеймін! Сіздердің арқаларыңызда біз ұзақ жылдар бойы бейбіт те өркендеп жатқан елде өмір сүріп келеміз, алдымызға жоғары мақсаттар қоя  және жаһандық міндеттерді шеше аламыз.

Сіздердің қиын-қыстау жылдары танытқан батырлығыңыз барша қазақстандықтардың жүрегінен орын алған. Мектеп жасынан бері біз майданда және тылда сіңірген еңбектері арқылы бүгінгі тыныштық пен сенімділікті сыйлаған адамдар туралы мақтанышпен оқимыз және тыңдаймыз.

Жауынгерлік еңбегі үшін жүздеген мың қазақстандық медальдармен және ордендермен марапатталды, 500-ге жуық адам Кеңес Одағының Батыры атанды. Төрт қазақстандық екі мәрте Батыр атанды, 110 қазақстандық үшінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

Соғыс жылдары 1,2 млн-нан астам қазақстандық басқыншыларға қарсы асқан жанкештілікпен күресті. Олардың көпшілігі ұрыс даласында қаза тапты.

Барлық отандастарымыздан еліміздің батырларын естен шығармауды сұраймын!» – делінген Серік Шәпкеновтің үндеуінде.