С. Шәпкенов онлайн қабылдау өткізді

С. Шәпкенов онлайн қабылдау өткізді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов азаматтарды онлайн қабылдап, оның барысында ҚР Еңбекминінің басшысы 7 азаматтың өтініштерін қарады.

Елорда, Алматы мен Шымкент қалаларының, Шығыс Қазақстан мен Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындары әртүрлі мәселелерді шешуде көмек сұрап, Серік Шәпкеновке өтініштерін білдірді.

Азаматтардың өтініштерінің көпшілігі әлеуметтік қолдау мәселелеріне қатысты болды, атап айтқанда жәрдемақылар беру, оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін орталық ашу мүмкіндігі және т. б.

Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған Серік Шәпкенов өтініштер бойынша толық жауап берді, ал қарауға қосымша уақытты қажет ететін мәселелер бойынша ҚР Еңбекминінің тиісті департаменттеріне өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге көмек көрсетуді тапсырды.