"Электрондық Үкімет" порталы арқылы АӘК алушыларға анықтама беру рәсімі жеңілдетілді

"Электрондық Үкімет" порталы арқылы АӘК алушыларға анықтама беру рәсімі жеңілдетілді

Азаматтарға мемлекеттік атаулы көмек ұсыну үрдісін тездету мақсатында Министрліктің ат салысуымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Қазақстан Республикасының ақпарат және коммуникациялар министрліктері бір реттік құпия сөздер және «Электрондық Үкімет» веб-порталында үшінші тұлғалармен анықтама алу сервисі арқылы өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама алу бөлігінде мемлекеттік қызметтің оңтайландырылған бизнес-үрдісін жіберу іске асырылды.  

Бұрын атаулы әлеуметтік көмек алу үшін азаматтарға ХҚКО-на, жергілікті атқарушы органдарға немесе оқу мекемелеріне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқық беретін мәртебесін растайтын анықтама ұсынуы қажет еді. Қызметтерді оңтайландыру қызмет көрсететін мекемелерге Министрліктің деректер базасына автоматты сұраныс жіберу арқылы жоғарыда аталған мәртебені растауға мүмкіндік береді.