2021 жылы Еңбекминінің Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілердің әдептілігін арттыру бойынша 50-ден астам іс-шара өткізді

2021 жылы Еңбекминінің Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілердің әдептілігін арттыру бойынша 50-ден астам іс-шара өткізді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі ағымдағы жылдың I тоқсанында ұжымда қолайлы ахуалды және мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін арттыру үшін 57 түсіндіру іс-шарасын өткізді.

Іс-шаралар вебинарлар, семинарлар мен дәрістер түрінде өтті, олардың аясында отбасы институты, мәдениет, конфликтология, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және т. б. тақырыптар қаралды.

Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі аясында жыл басынан бері 23 мемлекеттік қызметші ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының біліктілікті арттыру дәрістеріне жіберілді.

Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын және Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша сенім телефоны арқылы келіп түскен өтініштерді қарау шеңберінде, сондай-ақ түсіндіру жұмыстары үшін өңірлерге шығу арқылы 31 мемлекеттік қызметші мен 98 жеке және заңды тұлғалар консультация алды.