ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова азаматтарды қабылдады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова азаматтарды қабылдады

10 тамыз күні «Нұр Отан» партиясының  Республикалық қоғамдық қабылдау базасында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Е. Әбілқасымова азаматтарды қабылдады.

Қабылдау барысында азаматтардың қойған сұрақтарының басым бөлігі мемлекеттік базалық зейнетақы, шипажайлық-курорттық ем алу, еңбек құқығының бұзылуы, мүгедектік алу және әлеуметтік көмек алу мәселелеріне қатысты болды.  

Қабылдау барысында әрбір өтініш білдірушіні тыңдай келе, Мәдина Әбілқасымова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бөлім басшыларына тиісті тапсырма берді.

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен ай сайын азаматтарды қабылдау өткізіледі. Бүгінгі күні қабылдауға 17 адам жазылды. Жалпы ай са йын министрлікке 40-қа жуық өтініш келіп түседі. Атап өтейін, біз азаматтардың тек жазбаша түрдегі өтініштерімен ғана емес, әлеуметтік желідегі өтініштермен де жұмыс істейміз» - деп атап өтті, Министрліктің еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Д. Садуақасова.

Қабылдау барысында тек Астана  тұрғындары ғана емес, Алматы қаласы да бейне байланысқа шығып Министрге жеке сұрақ қоюға мүмкіндік алды.