Енді, ведомства мамандары Whats App мессенджері арқылы халықпен өзара тығыз қарым-қатынас орнатып, әрі әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелер бойынша жедел ақпарат алмаса алады. Whats App мессенджерінің номері; +7 700 101 1414
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек хабарлады.
«Еліміздің азаматтары өздерін толғандырып жүрген зейнетақы, түрлі жәрдемақы, мүгедектікті тағайындау, көпбалалы отбасын қолдау, көші-қон және еңбек қатынастары жайында сауалдарға тікелей жауап алатын болады», -деп атап өтті баспасөз хатшысы.
Айта кетейік, биыл министрлік келесі міндеттерді орындайды:
«Егер аталған бастамаға ұсыныстарыңыз, сұрақтарыңыз бен толықтыруларыңыз болса, біз бігіріп талқылауға және кеңінен сұхбаттасуға әзірміз. Азаматтар өздерінің сұрақтарын Whats App мессенджеріндегі +7 700 101 1414 нөмеріне жолдауына болады», - деп атап өтті Нұрлыбек Жеңісбек.