ҚР Еңбекминінің қызметкерлері қазақстандықтарға әлеуметтік көмек тағайындау туралы ұсыныспен қоңырау шалмайды

ҚР Еңбекминінің қызметкерлері қазақстандықтарға әлеуметтік көмек тағайындау туралы ұсыныспен қоңырау шалмайды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) қызметкерлері қазақстандықтарға әлеуметтік көмек тағайындау туралы ұсыныспен қоңырау шалуды жүзеге асырмайды. Азаматтардан қырағылық танытуды және белгісіз адамдардың қулықтарына бой алдырмауды сұраймыз!

Соңғы уақытта қазақстандықтарға түрлі байланыс операторларының ұялы нөмірлерінен қоңыраулар түсуде. Белгісіз адамдар өздерін Еңбекминінің қызметкерлері деп таныстырып, банктік картаның құлпын ашу үшін кредиттерді өтеуді сұрайды немесе азаматтардың жеке деректерін сұратады.

ҚР Еңбекминінің қызметкерлері азаматтарға қоңырау шалуды жүзеге асырмайды және жеке ақпарат сұрамайды.

Азаматтардан қырағылық танытуды және белгісіз адамдардың қулықтарына бой алдырмауды сұраймыз!