Б. Нұрымбетов Еңбекминінің қызметкерлерін Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

Б. Нұрымбетов Еңбекминінің қызметкерлерін Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Еңбек министрлігі қызметкерлерін және барша қазақстандықтарды келе жатқан Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өту мемлекетіміз үшін өте маңызды

Қазіргі тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің есімімен тығыз байланысты және оның қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы, XXI ғасырда қазақстандық қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі айрықша тарихи рөлі сан рет атап өтілді.

Тұңғыш Президент - Елбасының саясаты арқасында тәуелсіздік жылдары біз әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғары қарқынына қол жеткізе алдық және кемел мақсатымыз – Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жолында сенімді түрде алға басып келеміз.

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, Тұңғыш Президент – Елбасы әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне ерекше назар аударып келеді. Қазақстан өзінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында әлемдік үрдістердің қатарынан қалмауда. Қоғамдық саяси өмірде біздің мемлекет өзінің жетістіктерімен, терең құрылымдауымен әлемдік қауымдастыққа танымал болып, онда лайықты орынға ие болды.

Тұңғыш Президент күні – бұл тарихи таңдау күні және Қазақстандағы халық бірлігі мен келісім күні. Тұңғыш Президент тарихқа есімі егемен Қазақстанның барлық жетістіктерімен байланысты тұлға ретінде, бүкіл қызметі өз халқына, Отанына қызмет етудің жарқын үлгісі болып табылатын әлемдік ауқымдағы көрнекті саясаткер ретінде мәңгілікке енді.

Баршамыз үшін осы маңызды күн қарсаңында барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, еңбекте табыс және Тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолында жаңа жетістіктер тілеймін!», – деді Біржан Нұрымбетов онлайн-режимде өткен ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты іс-шара барысында.