«Таза Қазақстан»: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері экологиялық акцияға қатысты

«Таза Қазақстан»: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігінің қызметкерлері экологиялық акцияға қатысты
Қазақстанның барлық өңірінде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері де белсенді түрде қатысты.
Экологиялық акция аясында министрлік қызметкерлері жұмыс аумақтарында тазалық және абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаны күтіп ұстауға өз үлестерін қосты. Жалпы, акцияға 150-ден астам министрлік қызметкері атсалысты.
«Таза Қазақстан» бастамасы қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендерді абаттандыруға және қоғамда экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тазалық пен тәртіпті күнделікті өмір салтына айналдырудың маңыздылығын үнемі атап өтіп келеді. Осыған орай «Таза Қазақстан» бастамасы бір реттік науқанмен шектелмей, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыратын тұрақты қоғамдық құндылыққа айналуға тиіс.
Бұл ретте тазалық пен абаттандыруға мемлекеттік органдармен қатар ұйымдар мен азаматтардың да үлесі маңызды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұжымы да ортақ іске белсенді қатысып, өздері еңбек ететін аумақтардың тазалығы мен көркейуіне үлес қосты.
Қоршаған ортаны жақсарту үшін ауқымды шараларды күтудің қажеті жоқ. Қоқысты арнайы белгіленген орынға тастау, аула мен қоғамдық кеңістіктерді таза ұстау, табиғатқа жанашырлықпен қарау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі ортақ ортаның жайлылығы мен тазалығына оң ықпал етеді.
«Таза Қазақстан» - бұл тек тазалық жұмыстары немесе бір күндік акция емес. Бұл – туған жерге ұқыпты қарау, табиғатты аялау және ортақ кеңістікке жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыратын жалпыұлттық бастама.