Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Астана қаласындағы №248 сайлау учаскесінде дауыс берді

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Астана қаласындағы №248 сайлау учаскесінде дауыс берді

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аскарбек Ертаев Қазақстан Республикасының бір палаталы Парламенті - Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді.

Ведомство басшысы таңертең №117 жалпы білім беретін мектеп ғимаратында орналасқан сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруге қатысты.

«Бүгін - еліміз үшін тарихи күн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, жаңа бір палаталы Құрылтайға өтетін алғашқы сайлау барлық азаматтардың игілігіне бағытталған жаңа реформалардың бастау нүктесі болып, Қазақстанның қазіргі тарихында жаңа кезеңнің негізін қалайды. Бұл - еліміздің одан әрі даму бағытын айқындайтын маңызды кезең. Бүгін әрбір азамат өзінің азаматтық ұстанымын білдіріп, Қазақстанның болашағына өз үлесін қоса алады. Осы маңызды оқиғаға қатысуды азаматтық парызым деп санаймын», - деді Аскарбек Ертаев.

Құрылтай депутаттарын сайлау - еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға әрі Қазақстан Республикасының бір палаталы Парламентінің жаңа құрамын қалыптастырудағы маңызды кезең.