ҚР Еңбек министрлігі Қазақстан азаматтарының жеке деректерін жинау үшін Telegram-ботты іске қоспады

ҚР Еңбек министрлігі Қазақстан азаматтарының жеке деректерін жинау үшін Telegram-ботты іске қоспады

Белгісіз адамдар азаматтарға мүмкін әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат алу үшін өз ЖСН-і мен мобильді телефон нөмірін жіберуді ұсынатын i42500enbekkz_Bot telegram-боты фейк болып табылады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы сынды telegram-боттарды іске қосқан жоқ. Еңбек министрлігінің қызметкерлері азаматтардан жеке дерегін сұратпайды. 

Азаматтардан фейктерге назар аудармауды және тек ресми дереккөздердегі ақпаратты пайдалануды сұраймыз.

Еске сала кетейік, жалған ақпарат тарату заңмен қудаланады.