ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Ақмола облысында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын талқылады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Ақмола облысында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын талқылады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі Василий Шиманскиймен кездесу өткізді.

Кездесу барысында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау саласындағы өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, оңалту қызметтерінің сапасы, инватакси қызметінің қолжетімділігі, Әлеуметтік қызметтер порталының жұмысы, шипажайлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету, сондай-ақ оңалтудың техникалық құралдары мен өзге де оңалту қызметтерін көрсету мәселелері талқыланды.

Өңірлердің практикалық тәжірибесі мен азаматтардың өтініштері негізінде әзірленген ұсыныстарға ерекше назар аударылды. Мұндай бастамалар әлеуметтік қолдау жүйесіндегі өзекті мәселелерді жан-жақты зерделеуге және оны одан әрі жетілдірудің басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Еңбек министрлігінде мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу және жетілдіру барысында мүгедектігі бар адамдармен, олардың отбасы мүшелерімен, қоғамдық бірлестіктермен және өңір өкілдерімен тұрақты әрі сындарлы диалог орнатудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің тиімділігін арттыру және оңалту тетіктерін одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс аясында жан-жақты қаралатын болды.