ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов «Қоғам және мемлекет: #Birgemiz әріптестік пен дамудың 30 жылы» атты Қазақстанның IX Азаматтық форумы аясында Әлеуметтік қамсыздандыру кодексін әзірлеу бойынша тәсілдерді талқылау үшін бейінді үкіметтік емес ұйымдармен онлайн түрде кездесу өткізеді.
Іс-шара ағымдағы жылдың 24 қарашасында Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13:30-да өтеді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін талқылауға қатысуға шақырады.
Ол үшін ағымдағы жылдың 23 қарашасына дейін өз деректеріңізді (Т.А.Ә., ҮЕҰ атауы, ұялы тел., WhatsApp) n.zhansarinova@enbek.gov.kz электрондық адресіне жолдай отырып, тіркеуден (ZOOM-ға сілтеме алу үшін) өту қажет. Анықтама телефоны: 8 (7172) 74-96-33.