Б. Жазықпаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барады

Б. Жазықпаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барады

2026 жылғы 19 маусымда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Бақтияр Жазықпаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барады. Сапар аясында вице-министр өңір жұртшылығымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар бірқатар нысандардың жұмысымен танысады.

Кездесу барысында әлеуметтік-еңбек саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, тұрғындарды толғандырған сұрақтар мен ұсыныстар қаралады.

Вице-министрге жолданатын сұрақтар мен ұсыныстарды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсы (www.gov.kz), egov.kz электрондық үкімет порталы, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай «e-Өтініш» платформасы (suraktar.kz) арқылы жолдауға болады.

Сонымен қатар келесі байланыс телефондары арқылы да хабарласуға болады: 8 (7172) 74 37 23, 74 36 79.