
2026 жылғы 5 маусымда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай жұмыс сапарымен Ақмола облысына барады. Сапар барысында вице-министр өңір жұртшылығымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралайды.
Жұмыс сапары аясында өңір тұрғындарымен әлеуметтік-еңбек саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, олардың түйткілді проблемалары қарастырылатын болады.
Вице-министрге жолданған сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ҚР ЕХӘҚМ-нің ресми интернет-ресурсы (www.gov.kz), Egov.kz электрондық үкімет порталы, «E-Өтініш» азаматтардың өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасы (suraktar.kz).
Сонымен қатар төмендегі телефон нөмірлері арқылы да хабарласуға болады: 8 (7172 74 37 23, 74 36 79).