
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Азаматтарды қабылдау орталығында еліміздің әр өңірінен келген қазақстандықтардың өтініштерін қарады.
Министрге азаматтар зейнетақымен қамсыздандыру, жұмыспен қамту, мүгедектігі бар жандарға арнаулы қызмет көрсету, сондай-ақ көші-қон мәселелері бойынша жүгінді.
Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған Асқарбек Ертаев әрбір мәселе бойынша жан-жақты түсіндірме берді. Қосымша қарауды қажет ететін мәселелерді ол жеке бақылауына алып, ҚР ЕХӘҚМ-нің тиісті департаменттеріне олардың құзыреті шеңберінде және қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешілуіне жәрдемдесуді тапсырды.