Асқарбек Ертаев елордалық ҮЕҰ өкілдерімен кездесті

Асқарбек Ертаев елордалық ҮЕҰ өкілдерімен кездесті

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев арнаулы әлеуметтік қызметтер (бұдан әрі – АӘҚ) көрсететін елордадағы үкіметтік емес ұйымдардың басшыларымен жұмыс кездесуін өткізді.

Тараптар ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көрсетілетін қызметтерді жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылады. Астана қаласының әкімдігімен бірлескен жұмыс барысында туындайтын мәселелерге және оларды шешу жолдарына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ қызметтерді аралас форматта көрсету туралы келісімге қол жеткізілді. ҮЕҰ штат санын жекелеген мамандарды енгізу есебінен кеңейтуді көздейтін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірленді.

Министрлікте тараптардың өзара жауапкершіліктері айтылды: мемлекет қаржылық және әкімшілік мәселелер бойынша ҮЕҰ-ға қолдау көрсетеді, алайда сонымен қатар бейінді департаменттер қызмет сапасына, лицензиялық талаптардың сақталуына және көмектің нақты көрсетілуіне бақылауды күшейтеді.