А. Ертаев азаматтарды қабылдады

А. Ертаев азаматтарды қабылдады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Азаматтарды қабылдау орталығында еліміздің әр өңірінен келген алты қазақстандықтың өтініштерін қарады.

Министрге азаматтар зейнетақымен қамсыздандыру, регресстік төлемдер, жұмыспен қамту, жұмыс орындарын субсидиялау, сондай-ақ еңбек құқықтарының бұзылуы мәселелері бойынша жүгінді.

Қазақстандықтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған Асқарбек Ертаев әрбір мәселе бойынша жан-жақты түсіндірме берді. Қосымша қарауды қажет ететін мәселелерді ол жеке бақылауына алып, ҚР ЕХӘҚМ-нің тиісті департаменттеріне олардың құзыреті шеңберінде және қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешілуіне жәрдемдесуді тапсырды.