HR Enbek порталында еңбек шарттарындағы деректерді түзету функционалы іске қосылды

HR Enbek порталында еңбек шарттарындағы деректерді түзету функционалы іске қосылды

2026 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне еңбек шарттарын есепке алу саласындағы ашықтық пен тәртіпті арттыруға бағытталған өзгерістер күшіне енеді.

Осыған байланысты HR Enbek порталында (hr.enbek.kz) жұмыскерлер өзекті емес мәліметтерді өз бетінше түзету үшін сұраным жібере алады. Жұмыс берушімен байланысу мүмкіндігі болмаса, түзету сұранымын жеке кабинет арқылы тікелей жолдауға болады.

Сұранымды қалай жіберуге болады:

  1. enbek.kz порталындағы жеке кабинетке кіріңіз.
  2. «Электрондық еңбек кітапшалары» модуліне өтіңіз.
  3. Тиісті еңбек шартын таңдап, әрекетті көрсетіңіз: «Редакциялау», «Жою» немесе «Тоқтату».
  4. Форманы толтырып, сұранымды электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойыңыз.

Өтінім «Түзетуге арналған сұранымдар» қосымша бетінде көрсетіледі, онда өтінімнің мәртебесін бақылауға болады.

Жұмыс берушіге сұранымды қарауға 3 жұмыс күні беріледі. Жауап болмаған жағдайда өтінім автоматты түрде уәкілетті органға жолданады.

Аталған функционал цифрлық форматта еңбек тарихының дұрыстығын сақтауға, еңбек өтілінің дұрыс көрсетілуіне ықпал етеді және жаңартылған заңнама жағдайында азаматтардың құқықтарын қорғайды.

Толық нұсқаулық hr.enbek.kz/reference-information?tab=instructions сілтемесінде қолжетімді.