Еңбек министрлігінде әлеуметтік қызметтерді цифрлық бақылау және зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыскерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Еңбек министрлігінде әлеуметтік қызметтерді цифрлық бақылау және зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыскерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Министр Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Қатысушылар арнаулы әлеуметтік қызметтерді (бұдан әрі – АӘҚ), сондай-ақ зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтарға төлемдер тағайындау мәселелерін қарады.

Бүгінгі таңда елімізде АӘҚ-ті 608 лицензияланған ұйым, оның ішінде 161 ҮЕҰ ұсынатыны атап өтілді. Олардың қызметінің ашықтығын арттыру, есепке алуды автоматтандыру және жалған мәліметтер қосу тәуекелдерін болдырмау мақсатында ЕХӘҚМ мен ҚР Қаржы министрлігінің дерекқорларын біріктіру бойынша пилоттық жоба басталды.

Зиянды жағдайларда жұмыс істейтін жұмыскерлерді әлеуметтік қолдау бөлігінде ведомство ҚР Әлеуметтік кодексіне түзетулерді ілгерілету бойынша жоспар-кесте әзірледі. Сонымен қатар еңбек заңнамасының сақталуын бақылау шеңберінде тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтары өзектендірілуде.

Кеңес қорытындысы бойынша Министр аумақтық департаменттер мен бейінді комитеттерге халыққа арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің үздіксіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Бұдан бөлек, бейінді ақпараттық жүйелерді пысықтау, орындаушылық тәртіпке бақылауды күшейту және әзірленген заңнамалық түзетулердің уақтылы ілгерілетілуін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.