
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында Қазақстанда әлеуметтік инфрақұрылымның 27 683 нысаны толықтай бейімделді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2025–2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, «Аманат» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған Жол картасы, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.
«Аманат» партиясының Жол картасында 2023–2027 жылдар аралығында Қолжетімділіктің интерактивті картасына (бұдан әрі – Карта) енгізілген 40 мыңнан астам нысанды бейімдеу көзделген. Жыл сайын нысандардың 20%-ы бейімделіп отырады. Осылайша, 2023 жылы – Картадағы нысандардың 20%-ы, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60%, 2026 жылы – 80%, 2027 жылы – 100% бейімделуі тиіс.
Ағымдағы жылдың соңына дейін ел бойынша 34 320 нысанды бейімдеу жоспарланған, соның ішінде 27 683 нысанында бейімдеу жұмыстары жүргізіліп, жалпы санының 65%-ын құрайды.
Аталған 27 683 нысанның ішінде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қолжетімділері:
Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне сәйкес, өңірлер бойынша бейімделген нысандар саны:
Бірінші топтағы мүгедектігі бар Көкшетау қаласының тұрғыны Рамазан Мұқатаев: «Жалпы қала бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін жағдай жақсарып, барлық мүмкіндіктер қарастырылуда. Нысан иелері оларды құрылыс нормаларына сәйкестендіруге тырысуда. Көптеген кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар шағымдар мен ұсыныстарды ескере отырып, кіру топтарын аяқтайды. Сауда орталықтарының қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызды, енді оларға мүгедектігі бар адамдар, әсіресе кресло-арбалармен қозғалатындар кедергісіз бара алады. Мысалы, біздің қаладағы "РИО" сауда орталығы. М. Ғабдуллин атындағы мұражайдың қолжетімділік деңгейіне және көшпелі көрмелерді ұйымдастыру мүмкіндіктеріне таң қалдым», – деп бөлісті.