
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Дара» қайырымдылық қорымен бірлесіп және «Шеврон» компаниясының қолдауымен «Мүмкіндіктерге толы уақыт» жобасын жүзеге асыруда. Оның аясында еліміздің бес өңірінде балаларға «қадамдық қолжетімділікте» көмек көрсету үшін заманауи құрылғылармен жабдықталған ерте қолдау қызметтері ашылды.
Үйде қызмет көрсету бөлімшелері мен отбасын қолдау орталықтары негізінде жаңа қызметтер жұмысын бастады. Үй-жайлар қажетті жөндеуден өтіп, балалармен жұмыс істеу үшін жабдықталды. Қызметтер келесі мекенжайлар бойынша қолжетімді:
Жоба ерте жастағы балаларға уақтылы көмек көрсету жүйесін енгізуге бағытталған. Бұл кезең (ми икемділігінің «маңызды кезеңі») өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру және болашақта ауыр мүгедектік қаупін азайту үшін аса маңызды болып табылады.
Мамандардың жұмысы төрт вектор бойынша Қызмет етудің халықаралық сыныптамасы (ҚХС) негізінде құрылады: дербестікті дамыту (тұрмыстық дағдылар), отбасындағы эмоционалды байланысты нығайту, әлеуметтендіру және дене белсенділігі.
Жұмыстың жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін 14 маман халықаралық сарапшының қатысуымен CBR (Community Based Rehabilitation) әдістемесі бойынша үш айлық оқытудан өтті. Мамандар оңалтуды маманның кабинетімен шектемей, отбасының күнделікті өміріне біріктіруге мүмкіндік беретін биопсихоәлеуметтік модельді меңгерді.
«Дара» қоры әзірлеген білім беру курсын бүкіл ел бойынша тәжірибені кеңейту мақсатында Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығының балансына беру жоспарлануда.
Министрлік «Мүгедектігі бар балаларды кешенді қолдау туралы» заң жобасы шеңберінде ерте қолдау институтын заңнамалық тұрғыдан бекіту жұмыстарын қатар жүргізуде.
Сондай-ақ, 2025 жылғы 31 қазанда бекітілген «Сәтті бастау» 2025–2027 жылдарға арналған ведомствоаралық іс-шаралар жоспарын іске асыру басталды. Құжат қызметтердің кепілдендірілген пакетін енгізуді және ведомстволардың іс-қимылын цифрлық үйлестіруді көздейді.