
2026 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы мүгедектігі бар адамдардың 48,7 мың тапсырысы орындалды: шамамен 35,4 мың адам оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі – ОТҚ), 3,6 мың – ымдау тілі қызметін, 9,1 мың – жеке көмекшінің, 576 – шипажайлық-курорттық емдеу қызметін алды.
Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өзі алып кету арқылы алуға болады.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.
Бүгінде Порталда 612 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші, 1041 ОТҚ жеткізушісі, 32 мыңнан астам жеке көмекші, 776 ымдау тілі және 130 шипажайлық-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.
Порталды пайдалану бойынша консультацияларды бірыңғай байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады.