
2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда 76 059 ардагер тұрады, оның ішінде Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі – ҰОС) 69 ардагері, жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 16 250 ардагер, 26 626 басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарының ардагерлері, 33 114 ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері бар. 2026 жылы аталған санаттардағы азаматтарға 1,5 млрд теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді. 2026 жылы осы мақсаттарға 17,7 млрд теңге қарастырылған.
Республикалық бюджеттен берілетін ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ардагерлердің барлық санаттарына, өзге де әлеуметтік төлемдерді алуына қарамастан, мынадай мөлшерде төленеді:
- ҰОС кезеңінде жарақат алуы, контузия алуы, мертігуі немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар – 7,55 АЕК (2026 жылы – 32 654 теңге);
- жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар – 6,19 АЕК (2026 жылы – 26 772 теңге);