ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен 2025 жылғы салалық біліктілік жүйелерін енгізу қорытындыларына және 2026 жылға арналған жоспарларға арналған кеңес өтті. Іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай төрағалық етті.
Кеңес барысында Ұлттық біліктілік жүйесін (ҰБЖ) дамытудың негізгі аспектілері, оның ішінде салалық кеңестердің жұмысы, кәсіптік стандарттарды жаңарту және процестерді цифрландыру мәселелері қаралды.
Өткен жылдың жұмыс қорытындылары туралы ҚР ЕХӘҚМ Біліктілік жүйелерін үйлестіру және тану департаментінің директоры Әлия Жанқарина баяндады. Ол қазіргі уақытта 20 мемлекеттік орган жанында кәсіптік біліктілік жөніндегі 57 салалық кеңес жұмыс істейтінін атап өтті.
«2025 жылы біз кеңестердің қызметін қайта жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс жүргіздік. Олардың құрамы өзектендіріліп, жұмыс берушілер өкілдерінің үлесі 60%-ға дейін ұлғайтылды. Аталған шара еңбек нарығының нақты сұраныстарына барынша жауап беретін кәсіптік стандарттарды әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл жұмысқа барлығы 1000-нан астам сарапшы тартылған», – деп хабарлады Әлия Жанқарина.
Талқылаудың басты тақырыптарының бірі 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілген Ұлттық қызметтер жіктеуішін (ҰҚЖ) ауқымды жаңарту болды. ҰҚЖ дамыту перспективалары туралы Еңбекті нормалау және ҰБЖ дамыту саясаты басқармасының басшысы Сахибжамал Сафарова баяндады.
«Ұлттық қызметтер жіктеуіші мемлекеттік органдар мен бизнестің ұсыныстарын ескере отырып, айтарлықтай қайта қаралды. Оған экономикадағы технологиялық өзгерістерді көрсететін 900-ден астам жаңа мамандық енгізілді. Олардың қатарында цифрлық агроном, жасанды интеллектті енгізу жөніндегі инженер, малшы-робототехник, 5G/6G желілерінің сәулетшісі сияқты мамандықтар бар. Жіктеуіштегі позициялардың жалпы саны 13 мыңнан асты», – деп атап өтті Сахибжамал Сафарова.
Сондай-ақ кеңесте заңнаманы жетілдіру жоспарлары жарияланды. Атап айтқанда, «Кәсіптік біліктілік туралы» Заңға түзетулер әзірленуде. Олар келесілерді көздейді:
В. Шегай біліктілік жүйесінің барлық қатысушылары үшін бірыңғай терезе ретінде Career Enbek цифрлық платформасының маңыздылығын атап өтті. Кездесуді қорытындылай келе, ол мемлекеттік органдарға кәсіптік стандарттардың уақтылы әзірленуін бақылауды күшейтуді және біліктілікті тану орталықтарын құруға салалық қауымдастықтардың белсенді қатысуын қамтамасыз етуді тапсырды.
«Ұлттық біліктілік жүйесі уақыт талабына бейімделе отырып, қарқынды дамуы тиіс. Біздің міндетіміз – әрбір маман сұранысқа ие болуы үшін білім беру жүйесінің еңбек нарығының қажеттіліктерімен толық үндесуін қамтамасыз ету», – деп түйіндеді вице-министр.