
«Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ның (бұдан әрі – МАК) мәліметіне сәйкес, 2025 жылы 35 мыңнан астам қазақстандыққа төленген сақтандыру төлемдерінің көлемі 2,7 млрд теңгеден асты.
«Бүгінде МАК міндетті және ерікті бағдарламалар аясында өмірді сақтандыру қызметтерін ұсынады. Негізгі міндеттердің бірі – қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды қамтамасыз ету.
Сонымен қатар, біз сақтандыру портфелін әртараптандыру мен ерікті өнімдерді дамытудың маңызын түсінеміз. Осыған байланысты АҚШ долларында жинақтауға арналған, кірістіліктің ең жоғары мөлшерлемесі бар Demeu өнімін сатуды іске қостық, сондай-ақ зейнетақы аннуитеттерінің тартымдылығын арттыру бағытында жұмыс жүргізудеміз. Demeu Business өнімі арқылы көптеген компаниялар негізгі қызметкерлердің тұрақтылығы мен ынталандыру мәселелерін шешуде», – деп 2025 жылдың қорытындысын МАК Басқарма төрағасы Қуаныш Мұқажанов түйіндеді.
«2025 жылы МАК сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қатысушысы атанды. Оның аясында жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (бұдан әрі – ЖОМС) шарттары бойынша барлық тәуекелдер нарықтың барлық қатысушылары арасында жауапкершілікті тең бөлу арқылы пропорционалды қайта сақтандыруға беріледі. Қазіргі уақытта қайта сақтандыру лицензиясын алу бойынша жұмыс жүргізілуде», – деп хабарлады МАК Басқарма төрағасы Қуаныш Мұқажанов.
2025 жылы қызметкерлерді міндетті сақтандыру шарттары бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 4,3 млрд теңгені құрап, бұл МАК тарихындағы ең жоғары көрсеткіш болды.
Өткен жылы сондай-ақ соңғы жеті жылдағы рекордтық көлемде ЖОМС шарттары бойынша тәуекелдер қабылданды. Барлық сақтандыру өнімдері бойынша 3,7 мың шарт жасалып, олардың аясында Қазақстанның 257 мыңнан астам азаматы сақтандыру қорғанысымен қамтылды.
Еске сала кетейік, 2004 жылы Үкіметтің бастамасымен құрылған компанияға ел үшін жаңа әлеуметтік саясат құралы – зейнетақы аннуитеттерін іске асыру мандаты берілді. МАК республикада алғашқылардың бірі болып өмір бойғы сақтандыру төлемдері бойынша шарттар жасасып, қосымша зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін дамытудағы негізгі буынға айналды.
Сақтандырылған қызметкерлер үшін әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МАК-тан мынадай төлем түрлері жүзеге асырылады:
БЖЗҚ-да жеткілікті мөлшерде зейнетақы жинақтары болған жағдайда зейнетақы аннуитеті шартын жасасу азаматтарға белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпей-ақ зейнетақы төлемдерін алуды бастауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, ерлер 55 жастан, ал әйелдер 53 жастан бастап төлемдер ала алады. Сонымен қатар, кемінде бес жыл бойы міндетті кәсіби зейнетақы жарналары төленген азаматтар төлемдерді 50 жастан бастап алу құқығына ие.
Зейнетақы аннуитетінің басты артықшылығы – сақтандыру компаниясына аударылған жинақ көлеміне қарамастан, төлемдердің өмір бойы жүзеге асырылуы.
2026 жылы зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін қажетті жинақ сомасы: