А. Ертаев «Аманат» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады

А. Ертаев «Аманат» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев «Аманат» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау алаңында азаматтардың онлайн қабылдауын өткізді. Ведомство басшысы еліміздің әр өңірінен келген төрт адамның сұрақтары мен өтініштерін қарады.

Қазақстандықтар министрге жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жөнінде өтініштерін білдіріп, еңбек құқықтарының бұзылуы мен еңбек жағдайларының нашарлауы жайында хабарлады, сондай-ақ оңалту қызметтерін көрсетуге қатысты мәселелерді қарастыруды сұрады.

Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған Асқарбек Ертаев олардың әрқайсысына жан-жақты жауап берді. Қосымша уақытты талап ететін мәселелерді ол жеке бақылауына алып, министрліктің тиісті департаменттеріне өз құзыреті шеңберінде және қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешуге жәрдемдесуді тапсырды.