С. Жақыпова БҰҰДБ сарапшыларына скорингтік модельді таныстырды

С. Жақыпова БҰҰДБ сарапшыларына скорингтік модельді таныстырды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова БҰҰДБ өкілдерімен және халықаралық сарапшы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Александр Стойковпен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі тақырыбы азаматтардың мемлекеттік қолдау шараларына мұқтаждығын бағалау үшін инновациялық цифрлық құралдарды енгізу болды.

Кездесу барысында Светлана Жақыпова Үй шаруашылықтарының әлеуметтік-экономикалық осалдығы мен тұрақтылығын бағалау әдістемесін (скорингтік модель) таныстырды. Бұл модель 2025 жылдан бастап министрліктің цифрлық платформасында пилоттық режимде табысты түрде жұмыс істеп, білім беру, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй қатынастары және дене шынықтыру салаларын қамтып отыр.

«Біздің мақсатымыз – Бірыңғай әлеуметтік стандартты енгізу. Біз мемлекеттік қолдауды объективті деректерге негіздейтін модельге көшудеміз. Жүйе халықтың әл-ауқатын автоматты түрде бағалап, шешім қабылдауда адами фактор мен субъективтілікті қажет етпейді», – деп атап өтті Еңбек министрлігінің басшысы.

Скорингтік модель материалдық және материалдық емес компоненттерді, асырауындағы адамдар жүктемесін, өзін-өзі жүзеге асыру қабілетін, жасырын кірістерді ескере отырып, отбасының әл-ауқатына кешенді бағалау жүргізуге мүмкіндік береді және нәтижесінде әрбір отбасының нақты мұқтаждығын айқындайды.

БҰҰ Даму бағдарламасының өкілдері министрліктің инновациялық тәсілдерін жоғары бағалап, олардың орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін өзектілігін атап өтті.

Скорингтік модельге қатысты сараптаманы БҰҰДБ ұсынатын болады.

Тараптар бірлескен жұмыстың ағымдағы нәтижелерін талқылап, әріптестікті одан әрі нығайту жөніндегі жоспарларды белгіледі.