А. Ертаев «Qarmet» АҚ басшысы В. Басинмен кездесті

А. Ертаев «Qarmet» АҚ басшысы В. Басинмен кездесті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары барысында «Qarmet» АҚ қызметімен танысып, компанияның басқарма төрағасы Вадим Басинмен еңбек қауіпсіздігі жүйесін дамыту бағытындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Асқарбек Ертаев металлургиялық комбинаттың конвертерлік цех, ыстық мырыштау және алюминийлеу цехы сынды негізгі өндірістік бөлімшелерін аралап, ондағы өндірістік үдерістермен, сондай-ақ персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларымен танысты.

Компания басшысымен өткен кездесу барысында Асқарбек Ертаев отандық өндірістік қуаттарды дамытудағы ілгерілеуді атап өтіп, жаңғырту мен еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған жүзеге асырылып жатқан бастамаларға оң баға берді.

Тараптар еңбекті қорғау, қызметкерлерді әлеуметтік қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыру және компанияның өндірістік объектілеріндегі еңбек жағдайларын жақсарту мәселелерін талқылады.

Өз кезегінде Вадим Басин бірінші вице-министрге кәсіпорынның жаңа негізгі жобаларын таныстырып, металлургиялық комбинатта жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстары, сондай-ақ «Qarmet University» корпоративтік университеті аясында персоналды оқыту мен біліктілігін арттырудың ерекшеліктері туралы баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғау жүйесін жетілдіруге, қызметкерлерді әлеуметтік қорғаудың заманауи тәсілдерін енгізуге және басқа да бағыттарға арналған бірлескен жобалар мен қолданбалы зерттеулерді іске асыру шеңберіндегі өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін талқылады.