Ақтөбе облысында 42,7 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды

Ақтөбе облысында 42,7 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды

Ағымдағы жылғы 1 қазандағы деректер бойынша Ақтөбе облысында 42 763 адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды.

Өңірдің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында (бұдан әрі – ЖҚҮӘББ) жастар практикасына ерекше назар аударылады, оның шеңберінде жас мамандар тәжірибе алу үшін өндіріске жіберіледі.

«Жыл басынан бері жастар практикасына 2 916 адамды жібердік. Бастапқы тәжірибені алғаннан кейін жас мамандар тағылымдамадан өткен ұйымдарда жұмыс істеуге қалады немесе өздері сұранысқа ие жерлерге, бірақ біршама білім жинақтап және ұсынымдармен барады», – деп хабарлады Ақтөбе облысының ЖҚҮӘББ басшысы Бұлбұл Елеусінова.

Кеңесары Тілеужан Ақтөбе ауыл шаруашылығы колледжін инженер-электрик мамандығы бойынша бітірген соң жастар практикасынан өткен «Әйтеке би энергожүйесі» АҚ-дан тұрақты жұмысқа орналасу туралы ұсыныс алды.

С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің педагогика факультетінің түлегі Көркемжан Ескендірова бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін жастар практикасына жіберілді, содан кейін бойжеткенді қала мектептерінің біріне жұмысқа орналастырды.

Ақтөбе облысының ЖҚҮӘБ басқармасының мәліметінше, ағымдағы жылдың 9 айында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 42,7 мыңнан астам адам қатысты. 34,8 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 23,5 мыңы – тұрақты жұмысқа, 9,5 мыңы – қоғамдық жұмыстарға және 1778 адам субсидияланатын жұмыс орындарына тартылды. 1093 азамат грант және 632 адам өз ісін дамытуға микрокредит алды. 758 азамат қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан, ал 1085 адам кәсіптік-техникалық оқытудан өтті. 1400 адам «Бастау Бизнес» жобасының қатысушысы болды, оның 755-і өз ісін дамытуға грант алды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биылғы жылы Қазақстан бойынша «Еңбек» бағдарламасына 526 мыңнан астам адам қатысып, түрлі қолдау түрлерімен қамтылды. 338,2 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 189,4 мыңы тұрақты жұмысқа, мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына 187,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, 9,6 мың адамға жеңілдікті кредит және 38 мың адамға қайтарымсыз грант берілді, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне қысқа мерзімді оқытудан 33,2 мың адам өтті.