С. Жақыпова азаматтарды қабылдады

С. Жақыпова азаматтарды қабылдады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Азаматтарды қабылдау орталығында еліміздің әр өңірінен келген қазақстандықтарды қабылдап, сұрақтары мен мәселелерін қарады.

Қазақстандықтар зейнетақылар мен жәрдемақыларды индексациялау, әлеуметтік төлемдерді тағайындау, еңбек жанжалдарын шешу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша министрге жүгінді.

Светлана Жақыпова азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдай отырып, олардың сауалдарына толыққанды жауап берді. Ол қаралуы қосымша мерзімді қажет ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алып, Министрліктің тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде шешу үшін жәрдемдесу жөнінде тапсырма берді.