
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Әлеуметтік диалог орталығының (бұдан әрі – Орталық) – өңірлік және республикалық деңгейлерде талап етілетін өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді талқылауға, сараптамалық пікір алмасуға және ұсыныстар әзірлеуге арналған алаңның ашылуына қатысты. Кейінірек орталық базасында Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссияның отырысы өтті.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен өткен кеңес барысында ШҚО еңбек ұжымдарындағы ағымдағы ахуал туралы, қазақстандық саңыраулар қоғамы «Қазмырыш» ЖШС-мен бірлесіп іске асыратын «Халықтық бақылау» жобасының жұмыс барысы туралы, сондай-ақ «Жұмысшы мамандықтар жылы» шеңберінде өткізілген іс-шаралар туралы мәселелер қаралды.
Сонымен қатар жұмыс сапары аясында Асқарбек Ертаев есту қабілеті бұзылған азаматтар әлеуметтік-тұрмыстық оңалтудан өтетін «Қазақстандық саңыраулар қоғамы» ҚБ Шығыс Қазақстан филиалының және бейнебақылау операторы ретінде есту қабілеті бұзылған адамдарға жұмыс ұсынатын Бейнебақылау орталығы қызметімен танысты.
Сондай-ақ, ол Өскемен балалар арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды. Ұйымда жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер психоневрологиялық патологиясы бар балаларға, жартылай стационар және стационар жағдайында – жеке қажеттіліктерін ескере отырып, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға ұсынылады.