ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды қабылдап, еліміздің әр түрлі өңірінен келген екі қазақстандықтың өтініштерін қарады.
Қазақстандықтар министрге әлеуметтік қамтамасыз ету және түрлі қолдау шараларын көрсету мәселелері бойынша жүгінді.
Светлана Жақыпова азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдай отырып, олардың сауалдарына толыққанды жауап берді. Ол қаралуы қосымша мерзімді қажет ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алып, министрліктің тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде шешу үшін жәрдемдесу жөнінде тапсырма берді.