
2025 жылғы 27 қарашада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жұмыс сапарымен Алматы облысына барады. Сапар барысында министр өңір белсенділері және жұртшылығымен кездесулер өткізіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралайды.
Жұмыс сапары аясында өңір тұрғындарымен әлеуметтік-еңбек саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, олардың түйткілді проблемалары қарастырылатын болады.
Министрге жолданған сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ҚР ЕХӘҚМ-нің ресми интернет-ресурсы (www.gov.kz), Egov.kz электрондық үкімет порталы, «E-Өтініш» азаматтардың өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасы (suraktar.kz).
Сонымен қатар төмендегі телефон нөмірлері арқылы да хабарласуға болады: 8 (7172 74 37 23, 74 36 79).