
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсетудің Қағидаларына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Тиісті бұйрық жобасы туралы ақпарат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Жаңа енгізілімдер бірыңғай деректер жинау форматын енгізуге, қағазбастылықты жоюға және қызмет көрсетудің ашықтығын арттыруға, сондай-ақ оны проактивті форматқа көшіруге мүмкіндік береді.
Бұйрық жобасына сәйкес өзгерістер келесі құжаттарға енгізіледі:
Бұйрық жобасы туралы ақпарат 2025 жылдың 1 желтоқсанына дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылған.