2025 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 529 мыңнан астам қызмет алды

2025 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 529 мыңнан астам қызмет алды

2025 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы мүгедектігі бар адамдардың 529,1 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде: оңалтудың техникалық құралдарына (бұдан әрі – ОТҚ) шамамен 389,5 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі – ОТҚ), 9,6 мың – ымдау тілі қызметін, 26 мың – жеке көмекшінің, 104 мың – санаторийлік-курорттық емдеу қызметін алды.

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

Бүгінде Порталда 630 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші, 1066 ОТҚ жеткізушісі, 32 мыңнан астам жеке көмекші, 758 ымдау тілі және 139 санаторийлік-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.

Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы хабарласуға болады.