С. Жақыпова азаматтарды қабылдады

С. Жақыпова азаматтарды қабылдады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Азаматтарды қабылдау орталығында адамдарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында ол еліміздің түрлі өңірлерінен келген 2 қазақстандықтың өтініштерін қарады.

Азаматтар министрге жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту, еңбекке орналастыру және еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жүгінді.

Светлана Жақыпова азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдай отырып, олардың сауалдарына толыққанды жауап берді. Ол қаралуы қосымша мерзімді қажет ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алып, министрліктің тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде шешу үшін жәрдемдесу жөнінде тапсырма берді.