Сенат ХЕҰ конвенциясын және Катармен еңбек көші-қоны саласындағы келісімді ратификациялайтын заңдарды мақұлдады

Сенат ХЕҰ конвенциясын және Катармен еңбек көші-қоны саласындағы келісімді ратификациялайтын заңдарды мақұлдады

Палата отырысында ҚР Парламенті Сенатының депутаттары «Дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төмен жалақыны белгілеу туралы конвенцияны (131) ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасынан келген жұмыскерлерді Қатар Мемлекетінде  жұмысқа орналастыруды реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобаларын қарау қорытындысы бойынша мақұлдады.

Қазақстан еңбек жағдайлары, еңбекті және әлеуметтік қорғаудың, әлеуметтік диалогтың негізгі мәселелерін қамтитын еңбек саласындағы Халықаралық еңбек ұйымының (бұдан әрі – ХЕҰ) 28 конвенциясын ратификациялады.

131 Конвенция келесі жалпы қағидаттарды белгілейді: ең төменгі жалақы жүйесін енгізу; ең төменгі жалақыны белгілеу және қайта қарау кезінде әлеуметтік әріптестік тараптарының қатысуы; ең төменгі жалақыны анықтау кезінде экономикалық факторлар мен жұмыскерлердің қажеттіліктерін есепке алу; еңбекақы төлеу саласындағы кемсітушілікке тыйым салу.

Ратификациялау туралы шешім қабылданғанға дейін ұлттық заңнаманы №131 Конвенцияның ережелеріне сәйкес келтіру бойынша жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде, 2024 жылы ХЕҰ ұсынымдарын ескере отырып әзірленген Айлық жалақының ең төмен мөлшерін айқындау әдістемесі бекітілді. Аталған Әдістемеге сәйкес ең төменгі жалақы медиандық жалақы мен еңбек өнімділігі негізінде анықталады. Бұл тәсіл белгіленген ең төменгі жалақы деңгейінің әлеуметтік әділеттілік пен экономикалық негізділігі арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осылайша, қолданыстағы заңнама №131 Конвенцияның ережелеріне сәйкес келеді, ал оны ратификациялау жүргізілген жұмыстың логикалық қорытындысы болады.

№131 конвенцияны ратификациялау: Қазақстанның ең төменгі жалақыны айқындайтын қолданыстағы тәсілдерін халықаралық деңгейде бекітуге; әлеуметтік диалогтың құқықтық базасын әсіресе, ең төменгі жалақыны белгілеуге тараптардың қатысуы бөлігінде нығайтуға; ХЕҰ мүшелік шеңберінде Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне адалдығын растауға мүмкіндік береді.

2025 жылғы 14 ақпанда Мемлекет басшысының Қатар Республикасына сапары барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы жұмысшыларын Катар Мемлекетінде жұмысқа орналастыруды реттеу туралы келісімге қол қойылды. Оның мақсаты – Қатардағы Қазақстан азаматтарының құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету. Осы мақсатта келесідей нақты қадамдар белгіленген: іріктеу (Қатардан өтініштер қабылдау, халықты еңбек ұтқырлығы орталықтары арқылы хабардар ету); Қазақстан азаматтарын жұмысқа қабылдау және олардың Қатарда жұмысқа орналасу кезінде құқықтарын анықтау (еңбек шартын жасау).

Келісімге қосымшада Қазақстаннан келген жұмысшыларды Катарда жұмысқа алу үшін стандартты еңбек шарты қарастырылған. Жұмыс беруші оның ережелеріне қандай да бір өзгерістер енгізуге құқылы емес.

Үлгілік еңбек шартында жұмыс берушінің қызметкерді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері қарастырылған:

– тұрғын үй немесе тұрмыстық жәрдемақы;

– жұмысқа және кері қайтуға тегін тасымалдау немесе тасымалдау ақысы; - Катар заңнамасына сәйкес медициналық көмек көрсету;

– қызметкердің жыл сайынғы демалысын қоса алғанда, жұмысқа орналасу және еңбек шартын тоқтату кезінде ұшуларға ақы төлеу (паспортты беруге немесе кез келген депозиттерді төлеуге арналған шығыстарды қоспағанда).

– жұмысқа дейін және кері қайтуға тегін тасымалдау немесе жәрдемақы;

– Катар заңнамасына сәйкес медициналық көмек көрсету;

– жұмысқа орналасу және еңбек шартын бұзу кезінде рейске ақы төлеу, оның ішіне қызметкердің жыл сайынғы еңбек демалысы кіреді (паспортты беруге немесе кез келген депозиттерді төлеуге арналған шығыстарды қоспағанда).

Жұмыс беруші міндеттемелерден босатылады:

1) қызметкерді еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін жұмыстан шығарған кезде;

2) егер ол Қатар Мемлекетінің «Еңбек туралы заңына» сәйкес қызметті аяқтағаннан кейін ескертусіз және сыйақы төлемей жұмыстан босатуды талап ететін құқық бұзушылық жасаса.

Қатар Мемлекетінің Еңбек министрлігі туындаған дауларды қарастырады және оларды шешу үшін жұмыс істейді. Дау бейбіт жолмен шешілмеген жағдайда, іс сотқа жіберіледі.

Келісімді іске асыруды үйлестіру үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қатар Мемлекеті Еңбек министрлігінің өкілдерінен Бірлескен комитет құрылды.

Катар мемлекеті 2024 жылғы 29 қарашада осы Келісімді ратификациялау бойынша жұмыстардың аяқталғанын хабарлады.

ҚР Парламенті Сенатының отырысында қарау қорытындысы бойынша депутаттар жоғарыда аталған заңдарды мақұлдады.