С. Жақыпова азаматтарды қабылдады

С. Жақыпова азаматтарды қабылдады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды қабылдау өткізіп, республика бойынша 4 адамның өтінішін қарады.

Қазақстандықтар министрге атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, түрлі қолдау шараларын көрсету мәселелері бойынша жүгінді.

Светлана Жақыпова азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдай отырып, олардың сауалдарына толыққанды жауап берді. Ол қаралуы қосымша мерзімді қажет ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алып, Министрліктің тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде шешу үшін жәрдемдесу жөнінде тапсырма берді.