Асқарбек Ертаев пен Чжо Тэ-ик Қазақстан азаматтарын Кореядағы жұмысқа орналастыру мәселесін талқылады

Асқарбек Ертаев пен Чжо Тэ-ик Қазақстан азаматтарын Кореядағы жұмысқа орналастыру мәселесін талқылады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев пен Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-ик екіжақты кездесу өткізді.

Іс-шараға Интерпол Ұлттық орталық бюросының басшысы, Корея Республикасындағы полиция атташесі Мерей Мақұлжан, саяси бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігінің 2-хатшысы Ким Иль Джунг, ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің төрағасы Әсет Шонов және басқалар қатысты

Келіссөздер барысында Қазақстан Республикасы азаматтарының Корея Республикасында заңды, қауіпсіз және ретке келтірілген жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан тарапынан қабылданып жатқан кешенді шаралар талқыланды.

Тараптар Қазақстанның оңтүстіккореялық жұмысқа орналасуға рұқсат беру – Employment Permit System (EPS) жүйесіне қосылуы бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келісті.