ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев Алматы қаласындағы көші-қон процестерін реттеу және Алматы агломерациясын теңгерімді дамыту мәселелері бойынша жұмыс тобының көшпелі отырысын өткізді, онда еліміздің ең ірі қаласындағы көші-қон жүктемесін төмендетудің негізгі тәсілдері айқындалды.
Шараға Алматы қаласы мен Алматы облысының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Алматы қаласы мен Алматы облысындағы көші-қон процестерін реттеудің өзекті мәселелері және Алматы қаласындағы көші-қон жүктемесін азайтуға көмектесетін агломерациялық аумақтарды дамыту перспективалары талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша Алматы қаласы мен Алматы агломерациясын теңгерімді дамыту мәселелерін Жол картасына енгізу бойынша шаралар кешені әзірленіп, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тәсілдері айқындалды.