С. Жақыпова қазақстандықтарды келе жатқан Конституция күнімен құттықтады

С. Жақыпова қазақстандықтарды келе жатқан Конституция күнімен құттықтады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтарды алда келе жатқан мемлекеттік мереке – Конституция күнімен құттықтады. Еңбек министрлігінің басшысы барлық азаматтарға зор денсаулық, амандық және жарқын болашақ тіледі.

«Құрметті қазақстандықтар! 30 тамызда еліміздің басты заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толады.

Конституция – бұл жай ғана ережелер жиынтығы емес, ол – мемлекетіміздің негізі, халқымыздың бірлігі мен көпғасырлық дәстүрлерінің символы.

Бұл маңызды мемлекеттік мереке – заң үстемдігінің, еліміздің демократиялық дамуының көрінісі. Ол бізге әділетті қоғам құру жолында құқықтарымыз бен еркіндіктеріміздің кепілі саналатын заңдардың маңызын еске салады.

Баршаңызды келе жатқан Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бейбіт өмір, молшылық, тұрақтылық, сондай-ақ Отанымызға – гүлдену мен табыс тілеймін! Әрбір азамат өзін қорғалған және болашағына сенімді сезінетін мемлекетте өмір сүрсін!» – делінген Светлана Жақыпованың құттықтауында.