Қазақстан Республикасының Конституциясының рөлі Еңбек министрлігінде талқыланды

Қазақстан Республикасының Конституциясының рөлі Еңбек министрлігінде талқыланды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде салтанатты шара өтіп, оның барысында ведомство қызметкерлерін келе жатқан мерекемен және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына қол жеткізген жетістіктерімен құттықтады.

Жиын басында ведомство басшылығы әріптестеріне еліміздің басты заңына арналған салтанатты сөз сөйледі.

«Конституцияның маңыздылығын асыра бағалау мүмкін емес. Біз, әлеуметтік сала қызметкерлері, бұл қағидатты ерекше түсініп, үнемі есте сақтауымыз қажет. Өйткені өз жұмысымызда біз конституциялық нормаларға сүйеніп, оларды бұлжытпай орындауға тиіспіз», – деп атап өтті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аппарат басшысы Нұрдәулет Төлеев.

Іс-шара барысында министрлік қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медальдары табысталды.

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес награда иегерлері болып төмендегі қызметкерлер анықталды: Әдістеме және медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру департаментінің директоры Азамат Дүйсенов, Ішкі аудит департаментінің директоры Марат Татыбаев, Қауіпсіздік департаментінің директоры Сырым Нәсі, Жетісу облысы бойынша ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаментінің басшысы Зайда Ілімжанова, Абай облысы бойынша ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы Абай Ерлан Ниятқабылов, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті басшысының орынбасары Елена Сугурова, Қарағанды облысы бойынша ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті бөлім басшысы Алмагүл Әбжанова, Қарағанды облысы бойынша ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің бөлім басшысы Саягүл Еркебекова және ҚР ЕХӘҚМ «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМК-ның бас директоры Лязат Ақтаева.

Сондай-ақ, министрлік құрамындағы Конституциямен қатар туған жас мамандарға алғыс хаттар табысталды.

Биыл бірінші сыныпқа баратын ведомство қызметкерлерінің балаларына мектеп сөмкесі мен кеңсе тауарлары жинақтары берілді.