С. Жақыпова азаматтарды қабылдады

С. Жақыпова азаматтарды қабылдады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдау өткізіп, еліміздің әр өңірінен келген 6 қазақстандықтың сұрақтары мен өтініштерін қарастырды.

Азаматтар министрге мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қамтамасыз ету, инклюзия, кәсіби бағдар беру және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері бойынша ұсыныстарын жеткізді.

Сонымен қатар, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты мәселелер де көтерілді.

Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдағаннан кейін, Светлана Жақыпова олардың сауалдарына толыққанды жауап берді. Қосымша уақытты талап ететін мәселелерді министр жеке бақылауына алып, тиісті министрлік департаменттеріне өз құзыреті шеңберінде және қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешуге ықпал етуді тапсырды.