2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен жалпы сомасы 354,5 млрд теңге мөлшерінде орта есеппен 856,2 мың отбасы, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен – 308,9 млрд теңге сомасына 613,4 мың отбасы; наградталған аналарға берілетін жәрдемақымен – 45,6 млрд теңге сомасына 242,8 мың адам қамтылды.
2025 жылдың шілде айында жоғарыда аталған жәрдемақылармен жалпы сомасы 49,7 млрд теңге мөлшерінде 846,1 мың отбасы, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен 43,1 млрд теңге сомасына 601,2 мың отбасы; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен 6,6 млрд теңге сомасына 244,9 мың адам қамтылды.
Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2025 жылы:
- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;
- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;
- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;
- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;
- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе
15 728 теңге мөлшерін құрайды.
Наградталған анаға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.
Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға артқанын атап өтеміз.