«Қаратау» ААҚ-ның бұрынғы қызметкерлеріне төлемдерді жүзеге асыру туралы

«Қаратау» ААҚ-ның бұрынғы қызметкерлеріне төлемдерді жүзеге асыру туралы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен, сондай-ақ сот органдарының шешiмдерi негiзiнде «Қаратау» ААҚ бұрынғы қызметкерлерiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу үшiн республикалық бюджет қаражаты есебiнен тиiстi төлемдердi жүзеге асырады.

Ағымдағы жылдың 19 тамызындағы жағдай бойынша «Қаратау» ААҚ бұрынғы қызметкерлерінің көпшілігі республикалық бюджеттен төлемдер алды.

«Қаратау» ААҚ-ның бұрынғы қызметкерлері сот шешімдері бойынша төленетін төлемдерді алу үшін растайтын құжаттарды тапсырып, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тиісті өтініш беруі қажет.