Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Батыс Қазақстан облысында 1182 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, «Аманат» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.
«Amanat» партиясының жол картасында 2023-2027 жылдар аралығында интерактивті қолжетімділік картасына (бұдан әрі – Карта) енгізілген 42 мыңнан астам нысанды бейімдеу бойынша жұмыс көзделген. Жыл сайын осындай объектілердің 20%-ы бейімделуі тиіс. Осылайша, 2023 жылы – Картадағы объектілердің 20%, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60%, 2026 жылы – 80%, 2027 жылы – 100%-ы бейімделеді. Қазіргі уақытта ел бойынша 23206 нысан толықтай бейімделген.
Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысында 1182 нысан бейімделді. 2025 жылдың соңына дейін тағы 59 нысанды бейімдеу жоспарлануда.
Бейімделген нысандардың жалпы санынан мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қолжетімділері:
- денсаулық сақтау объектілері– 105;
- білім беру нысандары – 443;
- мәдениет нысандары – 58;
- мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 239;
- спорт нысандары – 120;
- әлеуметтік қорғау объектілері – 17;
-.сауда нысандары менойын-сауық орталықтары – 44;
-.басқа да нысандар – 156.
«Мен «Ақжайық» оңалту орталығындамын және мұнда мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті барлық жағдай жасалғанын атап өткім келеді, мысалы, бүйірлік жолдар, пандустар, санитарлық тораптар біздің қажеттіліктерімізге лайықталған. Мұндай жағымды жағдай Орал қаласында ғана емес, облыстың өңірлерінде де байқалады», – дейді Орал қаласының тұрғыны, бірінші топтағы мүгедек Бауыржан Рахметов.
Бұдан басқа, Батыс Қазақстан облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті 2025 жылдың басынан бастап жоспардан тыс бақылау шеңберінде 7 тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша 4 нысанда бұзушылықтар анықталып, 943,7 мың теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Объектілердің меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай, оларды жою туралы нұсқамалар ғана енгізілетінін атап өту қажет.Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынатын болады.